Жалаңтөс батыр ауылы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:27, 2026 ж. ақпанның 3 кезіндегі 1nter pares (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

Жалаңтөс батыр ауылыҚызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Қарашеңгел ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы — Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде, Сырдария жайылмасының қамыс, құрақ басым өскен шалғын топырақты шөлдік белдемінде орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1112 адам (552 ер адам және 560 әйел адам) болса, 2009 жылы 1050 адамды (527 ер адам және 523 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>

Тарихы

19731997 жылдары күріш өсіретін “Қызылту” кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Жалаңтөс батыр ауылы ауылында 7 шаруа қожалығы құрылған.

Инфрақұрылымы

Ауылда орта мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазалы ауданы елді мекендері