Жалманқұлақ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Жалманқұлақ, Жаманқұлақ — Теңіз-Қорғалжын алабындағы көл.
Географиялық орны
Ақмола облысының Қорғалжын ауданы жерінде. Теңіз-Қорғалжын ойысының солтүстік жағында, теңіз деңгейінен 336,4 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы
Аумағы 15,43 км2, ұзындығы 5,2 км, ені 4,2 км. Қар, жер асты және көршілес жатқан Қожакөл жайылма суымен толысады. Жағасы, негізінен, тік жарлы (3-4 м), шығыс жағалауы жайпақ. Қараша — сәуір айлары аралығында мұз қатады. Суы тұзды, көктемде мал ішуге жарамды. Алабында қамыс өседі, құс ұя салады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>