Жұмай (көл)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл ЖұмайТеңіз-Қорғалжын ойысында орналасқан көл.

Географиялық орны

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Саумалкөл көлінің шығысында, теңіз деңгейінен 322 м биіктікте жатыр.

Гдрографикасы

Аумағы 4,2 км2, ұзындығы 6,5 км, ені 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 15,8 км. Ең терең жері 0,8 м. Су массасының көлемі 1,8 млн. м3, жалпы су жиналатын алабы 124 км2. Жағалауы тегіс, батыс жағасында өзімен аттас ауыл орналасқан. Суы тұзды. Қарашада суы қатып, сәуірде ери бастайды. Мал шаруашылығына пайдаланылады.