Қына (көл)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:55, 2020 ж. қаңтардың 27 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл ҚынаЕсіл алабындағы көл.

Географиялық орны

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қына ауылының батысында, теңіз деңгейінен 328 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы

Аумағы 2,3 км2, ұзындығы 2,4 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 6,9 км. Жағалауы жайпақ, онда қамыс, құрақ өскен. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Қараша айының ортасында суы қатып, сәуір айының орта шенінде ериді. Алабы егістікке игерілген.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер