Барап (көл)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Барап — Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы көл. Ақкөл қаласынан солтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 371 м биіктікте.
Гидрографикасы
Аумағы 7,5 км2, ұзындығы 3,7 км, енді жері 2,8 км, жағалауының ұзындығы 10,6 км.
Жағалау сипаты
Жағалауы аласа, жайпақ, айдынында қамыс, құрақ, қияқ, қоға, боз, селеу, т.б. өскен. Қар және жер асты суларымен толығады. Көл суының деңгейі мамырда көтеріліп, төменгі межесі шілде, тамыз айларында болады. Су деңгейінің жылдық ауытқуы 0,6 м. Суы тұщы, сілтілі. Егістік, мал суаруға пайдаланылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>