Қабыш Сиранов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Қабыш Сиранов (11 ақпан 1914, казіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 19 қараша 1976, Алматы) — кино тарихшысы, өнертану ғылымының кандидаты (1964).

Өмірбаяны

1942 ж. Бүкілодақтық кинематография интитутының киносценарий бөлімін бітірген.

"Лениншіл жас" (казіргі "Жас алаш") газеті редакциясында, 1940 - 1942 ж. КСРО Халкомсовы ведомствосында, 1942 - 1946 ж. Орт. біріккен киностудияда, 1954 - 60 ж. "Қазақфильм" киностудиясында сценарийші.

1961 - 1976 ж. Әдебиет және өнер институтындағы театр және кино бөлімінде ғылым қызметкер болып еңбек етті.

Еңбектері мен шығармашылығы

Сиранов қазақ кино өнері тарихының мәселелерін зерттеумен айналыскан алғашкы кинотанушы. "Ақ гүл" (1943. В.Г. Морозовпен бірге), "Өмір жолы" (1960, Д.Тарасовпен бірге) көркем фильмдерінің; "Домбыра үні" (1944, С.А. Тимошенкомен бірге), "Алматы" (1945), "Тыңдағы кеңшарлар" (1956) және "Кенен Әзірбаев" (1974), т.б. деректі фильмдердің сценарийін жазды.

Марапаттары

"Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала