Қабыш Сиранов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қабыш Сиранов (11.2.1914, казіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 19.11.1976, Алматы) - кино тарихшысы, өнертану кандидаты (1964). 1942 ж. Бүкілодақтық кинематография интитутының киносценарий бөлімін бітірген. "Лениншіл жас" (казіргі "Жас алаш") газеті редакциясында, 1940 - 42 ж. КСРО Халкомсовы ведомствосында, 1942 - 46 ж. Орт. біріккен киностудияда, 1954 - 60 ж. "Қазақфильм" киностудиясында. 1961 - 76 ж. Әдебиет және өнер институтындағы театр және кино бөлімінде ғылым қызметкер болып еңбек етті. Сиронов қазақ кино өнері тарихының мәселелерін зерттеумен айналыскан алғашкы кинотанушы. "Ақ гүл" (1943. В.Г. Морозовпен бірге), "Өмір жолы" (1960, Д.Тарасовпен бірге) көркем фильмдерінің; "Домбыра үні" (1944, С.А. Тимошенкомен бірге), "Алматы" (1945), "Тыңдағы кеңшарлар" (1956) және "Кенен Әзірбаев" (1974), т.б. деректі фильмдердің сценарийін жазды. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}