Талдыкөл (Атырау облысы)
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Талдыкөл (2006 ж. дейін – Редут<ref>Махамбет ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы</ref>) — Атырау облысы Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Мазмұны
Географиялық орны
Аудан орталығы – Махамбет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде.
Халқы
1989 жылы елді мекенде 591 адам тұрған.<ref>1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том</ref> 1999 жылы тұрғындар саны 751 адам (368 ер адам және 383 әйел адам) болса, 2009 жылы 871 адамды (415 ер адам және 456 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1133 адамды (553 ер адам және 580 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
Мәдени-әлеуметтік мекемелері
- Талдыкөл орта мектебі — 1920 жылы Редутта 2 кластық орыс және қазақ мектебі ашылған. 1931 жылдан бастап Редут бастауыш мектебі 7 жылдық орыс-қазақ мектебі болып үлкейтілді. 1962 жылы Редут сегіз жылдық мектебі болып атала бастады. Мектеп үйі Шампалов Федордың (орыс көпесі) ағаштан тұрғызылған үйіне көшірілді. 2001 жылдан бастап Редут негізгі мектебі орта мектеп болып құрылды. 2006 жылдан бастап Редут орта мектебі Талдыкөл орта мектебі деп атала бастады. 2010 жылы ауылымызда 250 орындық «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа үлгідегі мектеп салынды. 2012 жылдан бастап мектеп жанынан 50 орындық балабақша ашылып, Талдыкөл мектеп-балабақша кешені деп атала бастады.<ref>Талдыкөл білім ордасының тарихы Үлгі:Webarchive</ref>
- "Айналайын" бөбекжай-бақшасы — 2018 жылы ашылды. Балабақша 160 орынға шақталған.
- «Талдыкөл» ауылдық мәдениет үйі
- Талдыкөл фельдшерлік-акушерлік пункті — 2023 жылы желтоқсанда жаңа ғимараты ашылды. Емхана 25 келушіге арналған.<ref>Махамбет ауданы Талдыкөл ауылында заманауи фельдшерлік- акушерлік пункт ашылды</ref>
Діни мекемелері
- «Жәмил» мешіті — 2022 жылы сәуірде пайдалануға берілді. Мешіттің сыйымдылығы 300 орындық.<ref>Махамбет ауданында 300 орындық мешіт ашылды</ref>
Елді мекендегі көшелер
- Аман Есалыұлы көшесі
- Әбдірахман Құскелдиев көшесі
- Әлия Молдағұлова көшесі
- Жамбыл Жабаев көшесі
- Қаныш Сәтбаев көшесі
- Мәңгілік ел көшесі
- Мұхтар Әуезов көшесі
- Оңай Шонаев көшесі
- Ораз Жандосов көшесі
- Сәкен Сейфуллин көшесі
- Шәкен Айманов көшесі