Кеңсай (көне оба)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мағына Кеңсай – көне обалар (біздің заманымыздан бұрынғы XII – IX ғасырлар).

Орналасқан жері

Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты Бабата ауылының солтүстік жағында 3 км жерде, Бабата өзенінің сол жақ жағалауындағы Кеңсай шатқалында.

Сипаты

Обалардың кейбірі тастан, кейбірі тас топырақтан тұрғызылған. Кеңсай обаларын 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Г. Максимова) зерттеді.
Обалардың ішінен 5 қорған, 19 тастан қаланған дөңгелек молалар қазылған. Одан мүрдені жерлеу ғұрыптарының әр түрлі екендігі анықталды. Өйткені олардың кейбірінде мүрделерді өртеп қойған. Ол біздің заманымыздан бұрынғы қола дәуірінің XII-X ғасырларына жатады. Обаның кейбірінде мүрделерді шалқасынан жатқызып, басын солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қаратып қойған. Ол біздің заманымыздан бұрынғы алғашқы темір дәуірінің X-IX ғасырларына жатады. Бұған қола дәуіріне жататын молалардан табылған қоладан жасалған көзелер мен моншақтар, ұлу сүйегінен істелген алқалар және темір дәуіріне жататын молалардан табылған темір пышақтар дәлел болады.
Табылған заттарға және жерлеу әдістеріне қарағанда, Кеңсай – қола дәуірінен темір дәуіріне өтетін кезде өмір сүрген тұрғындардың ескерткіші.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер