Домбағұл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Домбағұлортағасырлардан сақталған көне сарай қалдығы.

Орналасқан жері

Ұлытау облысы Ұлытау ауылынан солтүстікке қарай 80 км жерде, Арғанаты тауының батыс етегінде орналасқан.

Деректер мен зерттелуі

Оңтүстік Қазақстанды қоныстанған қыпшақтардың Домбағұл сынды көптеген сарайларының болғандығын X-ғасырдағы араб ғалымы Әл-Идриси мен XIII ғасырдағы саяхатшы Вильгельм де Рубрук жазып қалдырған болатын. Сарайдың қалдығын XVIII ғасырдағы орыс саяхатшысы Н. Рычков пен XIX ғасырдың басында қырды аралауға шыққан кен инженері И. Шангин де көріп тамашалаған.
1946-50 жылдары Ә.Х. Марғұлан (Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы) сарайдың ғылыми сипаттамасын жасады. Кейін Ж. Смайылов зерттеген.

Сипаты

Домбағұл осы өңірдегі Алаша хан бекінісінен кейінгі күшейтілген ірі қамал орнына жатады. Төрт жағынан ормен және қорғаныс жалдарымен қоршалған төртбұрышты алаңқай түрінде салынған. Сарайда көлемді қазба жұмыстары жүргізілмеген, шағын мөлшердегі ұңғымадан көптеген мал сүйектері алынды. Сарай маңындағы кішірек жылғаның айналасынан егістік орындар мен суландыру жүйесінің қалдықтары табылды. Домбағұл жергілікті билеушілердің күшейтілген бекініс ордасы болған.
Сарайдың салынған мерзімі жайында ғалымдар арасында екі пікір бар. Ә. Марғұлан мұны Ақ Орда кезеңіне (XIV-XV ғғ.) жатқызса, Ж. Смайылов одан ертерек уақытқа, IX-XI ғасырларды қамтитын оғыз-қыпшақ заманына жатқызады.<ref name=source1>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Әдебиет

  • Маргулан А.Х., Остатки оседлых поселений в Центральном Казахстане. Археологические памятники Казахстана, А.-А., 1978;
  • Смаилов Ж.Е., Памятники археологии Западной Сары-Арки (средневековые поселения), Балхаш, 1997.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер