Төлеп (Бейнеу ауданы)
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына
Төлеп (1994 ж. дейін - Каменный) — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы ауыл, темір жол стансасы, ауылдық округ орталығы.
Географиялық орналасуы
Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан.
Тарихы
Іргесі 1965 жылы Бейнеу – Ақтау темір жолын салуға байланысты қаланды.
Ауыл 1994 жылға дейін Каменное деп аталып келген.
Халқы
Тұрғыны:
- 841 адам (435 ер және 406 әйел адам) (1999)<ref name="source3">- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>;
- 876 адам (450 ер және 426 әйел адам) (2009)<ref name="source3"></ref>;
- 973 адам (2016).
Төлеп ауылы бойынша халық саны 973 адам, 170 отбасы болып отыр<ref>Төлеп ауылдық округі əкімінің есебі</ref>.
Инфрақұрылымы
Қазір Төлеп ауылында клуб, пошта, т. ж. дистанциясының бөлімшесі, ұлутас өндіретін 2 кеніш, шағын бизнес нысандары, телехабар тарататын қондырғы, телефон ст. бар.
Транспорты
Ауыл арқылы Атырау – Маңғыстау темір жолы, Атырау – Бейнеу – Ақтау автомобиль жолы өтеді. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Бейнеу ауданы елді мекендері