Алтын қорымы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Алтын қорымы.jpg
Алтын қорымы, XІХ-ХХ ғғ. (құлпытастар, сағанатамдар, мазарлар)

Алтын қорымы – Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген кешенді ескерткіш.

Орналасқан жері

Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылының солтүстік-шығысында 4 км жерде орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

1988-89 жылдары "Казреставрация" институтының экспедиция (жетекші С. Әжіғалиев) зерттеген. Құрамында XІХ-ХХ ғасырларға жататын 200-ден астам дәстүрлі құрылыстар бар. Қорымда белгілі қоғам қайраткері Айтуар би жерленген. Ескерткіш ішінде "төртқұлақ" деп аталатын төртбұрышты қоршаулар мен тас үйінділер сақталған. XІХ ғасырдың 2-жартысына жататын "үйтам" үлгісімен, өңделмеген кірпіштен көтерілген 4 күмбез бар. Кіретін бөлігі порталды оңтүстік қасбетінде орналасқан. Қорымның батыс жағында құлпытастар орнатылған. Олардың ішінде биіктігі 3 м-ге дейін жететін көлемділері де бар. Ерекше дараланатыны: дөңгелек тәрізді, өң бойында эпитафиялық жазуы бар және тасқа айналған ағаш іспеттес ("қада тас") құлпытастар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер