Серік Ескендірұлы Әжіғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Серік Ескендірұлы Әжіғалиев (1952 жыл 17 желтоқсан, Алматы) - ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1997).

Еңбек жолы

1975 жылы ҚазМу-ді бітірген соң республикалық «Казреставрация» ғылыми-өндірістік бірлестігінде, «Казпроектреставрация» институтында (1975-82), республикалық кітап музейінде, «Казхудожпром» мекемесінде (1982-85) қызмет істеген. 1985 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында бөлім меңгерушісі. Әжіғалиевтің ғылыми-зерттеу жұмыстары Арал-Каспий аймағының тарихы мен дәстүрлі мәдениетін, қазақ халқының этнографиясы мен архитектуралық ескерткіштерін зерттеуге арналған. Соңғы кезде БҚО аумағындағы халықтық архитектура және мемориалды эпиграфика ескерткіштерін зерттеу ісінде маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Ол 120-дай ғылыми еңбектің авторы.

Шығармалары

  • Ескерткіш - ел тарихы (путеводитель по памятникам), Ақтөбе, 1992;
  • Генезис традиционной погребально-культовой архитектуры Западного Казахстана (на основе исследованиямалых форм), А., 1994;
  • Архитектура кочевников-феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского региона), Алматы, 2001. <ref>Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References