Қысымшы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Қысымшы – орта ғасырдағы шағын қала, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Қордай ауданы Ауқатты ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3-5 км жерде, Шу өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

Сипаты

Қалашықты 1937 жылы Ю.Г. Платонов, 1940 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген.
Қысымшы - тік төртбұрышты (ауданы 300x400 м) жазық төбе. Оның орталық бөлімінде қамалдың (цитадель) бұзылған орны бар. Қала ортасы үш жағынан (оңтүстік жағын қоспағанда) ұзындығы 10 км дуалмен қоршалған. Қоршау ішінде жеке салған құрылыстардың құлаған қалдықтары сақталған. Зерттеу нәтижесінде Қысымшының жоғарғы қабатынан қыштан жасалған ыдыстар, өлген адамдардың сүйегін күйдіріп салған құмыра (биіктігі 1 м, түбінің диаметрі 0,4 м, бүйірінің диаметрі 0,7 м) табылды. Қысымшы қаласы VII-XIV ғасырларға жатады. Қысымшыны Бернштам Яқалықпен баламалайды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте