Қысымшы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қысымшы - орта ғасырдағы шағын қала. Жамбыл облысы Қордай ауданы Ауқатты ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 - 5 км жерде, Шу өзенінің сол жақ жағалауында. 1937 жылы Ю.Г. Платонов, 1940 ж. Жетісу археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеді. Қысымшы - тік төртбұрышты (ауданы 300x400 м) жазық төбе. Оның орталық бөлімінде қамалдың (цитадель) бұзылған орны бар. Қала ортасы үш жағынан (оңтүстік жағын қоспағанда) ұзындығы 10 км дуалмен қоршалған. Қоршау ішінде жеке салған құрылыстардың құлаған қалдықтары сақталған. зерттеу нәтижесінде Қысымшының жоғарғы қабатынан қыштан жасалған ыдыстар, өлген адамдардың сүйегін күйдіріп салған құмыра (биікт. 1 м, түбінің диаметрі 0,4 м, бүйірінің диаметрі 0,7 м) табылды. Қысымшы қаласы 7 - 14 ғасырларға жатады. Қысымшыны Бернштам Яқалықпен баламалайды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}