Ақсүмбе (қалашық)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Ақсүмбе қалашығыТүркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген көне қала орны.

Орналасқан жері

Түркістан облысы Созақ ауданы Қаратаудың терістік жағында, Ақсүмбе өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

Қаланы 1946 жылы академик Ә.Х. Марғұлан басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция, 1947 жылы археологтар Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич зерттеген.
Қазіргі кездегі көрінісі тік төрт бұрышты төбе, биіктігі 1 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 75 м, шығыс-батысқа қарай 60 м.
Қала топырақ дуалмен қоршалған. Төрт бұрышында қарауыл мұнаралардың орны байқалады. Оңтүстік-шығыс жағында бұрышта орталық қорғаны сақталған. Оның көлемі 25х25 м. Қазіргі кездегі биіктігі 0,5 м, төрт бұрышында мұнара орны көрінеді. Қала орнынан жинастырылған қыш ыдыстардың жасалуына қарап ғалымдар қала тұрғындарының 10-15 ғасырларда өмір сүргендігін анықтады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер