Педикюр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:40, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Педикюр-аяқтың арнайы күтімі. Оны айына бір рет жасап тұру қажет.

Сипаттама

Терінің мүйізденген , жарылып кеткен жерін жұмсарту үшін аяқты сабынды ыстық суға салады. 20-30 минуттан кейін, аяқты жұмсақ сүлгімен сүртіп ,ұстарамен не пемзамен ентеп өкшедегі, табандағы мүйізденген жерлерді тазалайды.Содан кейін мүйізгекті кесіп, тырнақты дөңгелете қияды. Тырнақтың етпен жанасқан жерін кесуге болмайды, тырнақ қисық өсуі ықтимал. Арнаулы егеуішпен егеп, тырнаққа дұрыс пішін береді. Тырнақты тек бір бағытта егеу керек , әйтпесе, ол қабыршақтанып сынып кетеді. Аяқты қайтадан жылы суға салып, екінші аяқтың күтімін жасай бастау керек. Терінің жарылған жерін пемзамен түрпілеп, аяқты құрғатып сүртеді де, құрамында А витамині бар креммен сылайды. Тырнаққа лак жағуға да болады.

Гигиена

Гигиена талабын ұқыпты сақтаған жөн. Пайдаланылған заттарды спиртпен сүртеді. Теріні кесіп алған жағдайда оған 3%-ті сутегінің асқын тотығына малынған мақтаны жапсырып , соңынан иод ерітіндісімен сүртеді. Аяқты күнделікті жуып , аптасына 1 рет ас тұзы салынған жылы аяқ ваннасын қабылдап отыру керек. Табанның мүйізденіп кеткен жерін пемзамен түрпілеп , жуады әрі құрғата сүртеді. Содан кейін аяққа арналған крем немесе вазилин жағады.

Тағы қараңыз

  1. Маникюр
  2. Гигиена

Дереккөздер

  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1989

,