Дембі салу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:40, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дембі салу - ағаш бұйымдарының бұрғылап тесілетін жеріне қызған темірмен қарып белгі салу. Үйші шеберлер киіз үй керегелерінің көк өткізетін орнын және шаңырақтың шеңберіне кіріп тұратын уықтың, тоғынның орнын белгілеп алу үшін дембі салады. Сондай-ақ, үйші үшкір құралды қыздырып, ердің қаптал ағашына қанжыға тағылатын тесік ою үшін, саптыаяқ секілді ыдыс сабының бау өткізілетін тұсын, қамшы бүлдіргесін өткізетін тесіктің орнын белгілеу үшін де дембі салады. Дембінің орны 11 бұрғымен, бәрбімен теседі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub