Кереге

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Керегекиіз үй сүйегінің қабырғалық бөлігі, талдан, жіңішке қайыңнан жасалады.

Түрлері

Кереге көздерінің көлеміне қарай:

  1. тор көзді (кішкене) кереге - көзі үлкен, арасында бір желі көктелмей азат қалдырылатын, жазуға ыңғайлы, 11-15 көкті, 75-90 басты кереге. <ref>http://www.lugat.kz/ </ref>
  2. жел көзді (үлкен) кереге - көзі тар, жұдырық симайтындай, көз арасында азат қалдырмайтын, көп жазылмайтын 11-12 көкті, 95-120 басты кереге. <ref>http://www.lugat.kz/ </ref>

Жасау технологиясы

Тор көзді керегеде уық байлайтын 20 бас, жел көзді керегеде 17 бас болады. Кереге жасайтын жас тал мен қайыңның қабығын аршып, көлеңкеде кептіргеннен кейін қозға көміп жұмсартады. Сонан соң тезге салып түзетіп, жонады. Дайын болған кереге ағаштарын қайтадан тезге салып мүсіндейді. Бұдан соң оларды бір-бірімен қосып, түйенің, өгіздің мойын терісінен дайындалған таспамен көктейді, жосамен бояйды. Ауқатты адамдар керегені әр түсті бояумен сырлатып, басын ішкі жағынан сүйекпен, күміспен әшекейлеткен.Жиюлы керегенің биікт. 2 м-дей, ені 75 см-дей болады. Ал жазған уақытта биіктігі сәл төмендеп, ені 2 – 2,5 м-ге дейін созылады. Кереге өзара таңғышпен байластырылады.

Кереге санына қарай киіз үй 4, 6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады. Хан ордасының кереге саны 30-ға дейін жеткен.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Сөз морфологиясы

Кереге. Қазақ тілінде бұл сөздің мағынасы — киіз үйдің ағаштан жасалған қабырғасы екені белгілі. «...Біз- ге жаңа уық, кереге керек» (Дала қырандары). Сөздің алғашқы мағынасы — «тор» екендігін сарыкөл тілінің дерегінен білеміз. Онда керган — тор (решетка) (Т. Пах.,-pyc. сл., 1971, 88). Бұл тілде осы сөзден пайда болды дерліктей, киіз үй мағынасында қолданылатын «хирги» тұлғасын да ұшыратамыз (сол сөздік, 204). Кейде бір зат атауы екінші нәрсеге ауысып отыратын жағдай тіл заңдылығында жиі ұшырасатынын жоғарыда жазылған жолдардан кездестірдіңіздер, сондай-ақ ілгеріде де сөз болмақ. Осыны дәлелдейтін тағы бір дерек киіз үйдің негізгі жабдығының бірі—тор көз, моңғол, қалмақ тілдерінде киіз үй атауына айналған. Айырмашылық тек соңғы екі-үш дыбыстың түсіріліп «гэр» не «гер» тұлғаларында көрінуі (Мон.-қаз. сөздік, 1954-, 69; Рус.-кал. сл., 1964, 794). Ал қазақ тілінде -еге жұрнағын сақтай отырып, киіз үй жабдығының бірі болып қала берген.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз

Азатбас

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}