Аққыз

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Аққыз.JPG
Суретші: Манай, 2007

«Аққыз» — (шын аты Мүгілсін Ахметқызы; 1897, қазіргі Жезқазған облысының, Балқаш қаласына жақын Қоңырат өңірінің Есалы деген жері — 7.5.1987, сонда) — күйші, әнші.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Тәттімбеттің күйшілік дәстүрін жалғастырған. Шыққан руы Арғын тайпасы Тобықты руының Ақсақ-Дадан бөлімінен<ref>https://ru.calameo.com/read/0025301697fa0dca6ac3e</ref><ref>http://old.aikyn.kz/ru/articles/show/24313-ar_any_a_yzy_arda_taldyҮлгі:Deadlink</ref>.

Жастайынан күйшілік өнерімен қатар, әншілікті де меңгерген. Қ.Байжанов, М.Ержанов сынды өнер саңлақтарының қасына еріп, ән салып Ә.Хасеновтен күйшілік шеберлігін шындаған.

Шеберлігі

Тәттімбеттің “Қосбасар”, “Сарыжайлау”, “Сылқылдақ”, “Көкейтесті”, “Бестөре”, Тоқаның, Саймақтың күйлерін шебер орындаған. Аққыз өз жанынан да бірнеше күй шығарған. “Қайран елім”, “Аққыз”, “Жетім қыз”, “Қосбасар” сияқты күйлері өзіндік нақышы бар шығармалар болып табылады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Шәкірттері:

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала