Аққыз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Аққыз.JPG
Суретші: Манай, 2007

"Аққыз" — (шын аты Мүгілсін Ахметқызы; 1897, қазіргі Жезқазған облысының, Балқаш қаласына жақын Қоңырат өңірінің Есалы деген жері — 7.5.1987, сонда) — күйші, әнші.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Тәттімбеттің күйшілік дәстүрін жалғастырған. Жастайынан күйшілік өнерімен қатар, әншілікті де меңгерген. Қ.Байжанов, М.Ержанов сынды өнер саңлақтарының қасына еріп, ән салып Ә.Хасеновтен күйшілік шеберлігін шындаған. Тәттімбеттің “Қосбасар”, “Саржайлау”, “Сылқылдақ”, “Көкейтесті”, “Бестөре”, Тоқаның, Саймақтың күйлерін шебер орындаған. Аққыз өз жанынан да бірнеше күй шығарған. “Қайран елім”, “Аққыз”, “Жетім қыз”, “Қосбасар” сияқты күйлері — өзіндік нақышы бар шығармалар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Шәкірттері:

  • ҚазКСР-інің халық артисі М. Хамзин,
  • белгілі домбырашы Ә. Әбенова т. б.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}