Акварель

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Акварель (Үлгі:Lang-el— су) құрамында суға еритін желім қосылған түрлі-түсті бояу.


Кескіндеменің ең әсерлі түрі. Акварель бояуларының ерекшелігі — мөлдірлігі. Бұл кескіндеме техникасында ақ бояу мүлде қолданылмайды. Ақ бояуды кескіндеме жазылатын ақ қағаздың өзі ауыстырады. Шығарманың ең жарық нүктелерінде қағаздың тиісті жерлері мүлде боялмайды. Акварель бояулары қолдануға ыңғайлы және қарапайым. Соған қарамастан, Акварель техникасы — мейлінше күрделі. Акварель бояуын И.Е.Репин, Т.Г.Шевченко,А.Ғалымбаева, Ү.Әжиев, Ә.Қастеев т.б. өз кескіндемелерінде шеберлікпен қолданған.<ref>Қазақ энциклопедиясы I том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Суретсіз мақала