Дулат Шалқарбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шалқарбаев Дулат (19.5.1923, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылы - 16.02.2011, Жаңатас<ref>Артында өшпес із қалған...</ref>) - жазушы, ақын.

Жетістіктер

  • 1941 жылы есеп-сынақ бөлімінде инспектор
  • 1946 жылы астық дайындау мекемесінде есепші
  • 1948 жылы - агент
  • 1949 - 1953 жылдары Сарыарқа мал жайылымы телімінде қызыл отау меңгерушісі, аудандық кеңес атқару комитеттінде инспектор
  • 1953 - 1963 жылы "Социалистік шаруа" газетінде жауапты хатшы
  • 1963 - 1965 жылдары кәсіптік училищеде директордың саяси-тәрбие істері жөніндегі орынбасары әрі партком хатшысы
  • 1965 жылы Мойынқұм аудандық "Коммунизм таңы" газетінде редатордың орынбасары, облыстык "Еңбек туы" газетінің Сарысу, Талас аудандары мен Қаратау аймағының меншікті тілшісі болып еңбек еткен.
  • 1967 - 1974 жылдары Сарысу аудандық "Октябрь таңы" газетінің Сарысу, Талас пен Қаратау аймағындағы меншікті тілшісі болып еңбек еткен.
  • 1974 - 1975 жылдары аудандық кино жүйесі мекемесінің директоры
  • 1975 - 1978 жылдары аудандық газетте бөлім меңгерушісі, автоклуб меңгерушісі болып істеген.

Қазір зейнеткер.

Шығармалар

Тоғыз кітап, үш пьесаның авторы.

  • "Батыр Бораш" (1961)
  • "Кім жақсы" (1963) әңгімелер жинағы
  • "Арнадым саған" (1976) өлеңдер жинағы
  • "Бисенбай әңгімелері" (1979)
  • "Шынар" (1985)
  • "Айналайын адамдар" (1986), т.б. кітаптары бар.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті Үлгі:Суретсіз мақала