Дулат Шалқарбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шалқарбаев Дулат (19.5.1923 жылы туған., Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылы) - ақын.

Жетістіктер

1941 жылы есеп- сынақ бөлімінде инспектор

1946 жылы астық дайындау мекемесінде есепші

1948 жылы - агент

1949 - 1953 жылдары Сарыарқа мал жайылымы телімінде қызыл отау меңгерушісі, аудандық кеңес атқару комитеттінде инспектор

1953 - 1963 жылы "Социалистік шаруа" газетінде жауапты хатшы

1963 - 1965 жылдары кәсіптік училищеде директордың саяси-тәрбие істері жөніндегі орынбасары әрі партком хатшысы

1965 жылы Мойынқүм "Коммунизм таңы" газетінде редатордың орынбасары, облыстык "Еңбек туы" газетінің Сарысу, Талас аудандары мен Қаратау аймағының меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

1967 - 1974 жылдары Сарысу "Октябрь туы" газетінің Сарысу, Талас пен Қаратау аймағындағы меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

1974 - 1975 жылдары аудандық кино жүйесі мекемесінің директоры

1975 - 1978 жылдары аудандық газетте бөлім меңгерушісі, автоклуб меңгерушісі болып істеген.

Қазір зейнеткер.

Шығармалар

Тоғыз кітап, үш пьесаның авторы. "Батыр Бораш" (1961), "Кім жақсы" (1963) әңгімелер жинағы, "Арнадым саған" (1976) өлеңдер жинағы, "Бисенбай әңгімелері" (1979), "Шынар" (1985), "Айналайын адамдар" (1986), т.б. кітаптары бар.

<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}