Әбдіров ескерткіші

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Монумент Әбдіров ескерткішіҚарағанды облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген монументтік өнер құрылысы ескерткіші.

Орналасқан жері

Қарағанды қаласы, Н. Әбдіров даңғылы.

Кезеңі және авторлары

Кеңестік ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің (1919-1942 жж.) ескерткіші 1958 жылы орнатылған, сәулетші Л.Е. Воробьев, мүсіншілер А.П. Билык, Ю.В. Гуммель.

Ескерткіш сипаты

Ұшқыш-сержант Әбдіровтің беліне дейінгі денесін бейнелейтін мүсін сына тәрізді биік тұғырға қойылған. Мүсіннің кейіпкермен түр ұқсастығы, киім формасының дәлдігі ескерткіштің жетістігі болып табылады. Мүсіншілер батырдың жанып бара жатқан самолетті Сталинград (қазіргі Волгоград) түбінде тұрған жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттаған, дәл ерлік жасар сәтіндегі өжет шешімге келген жүзін анық көрсеткен. Шойыннан құйылған мүсіннің биіктігі 4,8 м, мәрмәр тақтамен қапталған. Жалпы биіктігі 9 м ескерткіш үлкен көшемен жақсы жарасым тапқан. 1985 жылы ескі тұғыр жаңартылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref> Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері