Юрий Вильгельмович Гуммель

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гуммель Юрий Вильгельмович (1927 ж. т.) - мүсінші. Қолданбалы және монументті-мүсін саласында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Гуммель 1979 ж. «Абай Құнанбаев» (гипс, Қарағанды облысы Абай қаласыңдағы Абай музейінің қоры), 1981 ж. «Абай» (қақталған мыс, автордың қоры) мүсіндерін жасады. Соңғы шығармада егде жастағы Абай төңірегіне зер сала қарап түр. Сәл алға ұмтылған басы ақынның жан толқынысын танытады. Иығына желбегей жамылған сырмалы шапаны алабұртқан көңіл-күйін аша түскен.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}