Қоян-Бүркіт биі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қоян-Бүркіт — қазақ биі. Музыкасы Құрманғазының “Ақсақ құлан” күйіне негізделген. Музыка өлшемі 2/4. 1928–1932 жылдары халық бишілері З.Құлсейітов (қоян) пен О.Берсағымов (бүркіт) орындаған. Осы фольклорлық бидің негізінде 1934 жылы балетмейстер Н.Арцыбашева “Айман – Шолпан” спектаклінде өнер көрсетті. 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде театр сахнасында орындалды. 1972 жылы балетмейстер Д.Әбіров бұл бидің 2 түрін сахнаға шығарды. 1973 жылы “Қаламқас” ансамблі (бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы) Чехословакияда өткен халық билері фестивалінде “Қоян-Бүркітті” орындап, жүлде алды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала