Шортанбай балық зауыты
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:50, 2014 ж. ақпанның 12 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Шортанбай Балық Зауыты – балық аулау және өңдеу кәсіпорны. 1910 ж. құрылған. Каспий теңізінің жағасында, Қиғаш пен Теплая өзендерінің қиылысындағы аралда (Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Шортанбай ауылы) орналасқан. Балық ыстау-қақтау, тұздау, тоңазыту цехтары жұмыс істейді.