Шортанбай (ауыл)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Елді мекен-Қазақстан ШортанбайАтырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл. Шортанбай ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы Ганюшкин ауылынан батысқа қарай 60 км жерде, Еділ тарамдары – Қиғаш пен Теплая өзендерінің қиылысқан жеріндегі аралда орналасқан.

Іргесі 1910 ж. қаланған. 1918 ж. мұнда балық аулау және өңдеу серіктестігі құрылып, ол 1923 ж. Волга (Еділ) – Каспий мемлекеттік балық тресінің, 1932 ж. Орал – Каспий балық кәсіпшілігінің құрамына енген. 1939 – 96 ж. Гурьев балық кәсіпшілігінің Шортанбай балық зауыты қосалқы шаруашылығының орталығы болған.

Қазір Шортанбайда балық зауыты, мәдени-тұрмыстық мекемелер жұмыс істейді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Халқы

Тұрғыны 1411 адам (2009).<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Құрманғазы ауданы елді мекендері