Әди Шәріпов
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Әди Шәріпұлы Шәріпов (19 желтоқсан 1912, қазіргі Жарма ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 4 қараша 1993, Алматы) — кеңестік жазушы, филология ғылымдарының докторы (1973), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі (1957).
Қысқаша өмірбаяны
Найман тайпасының Матай руының Қаптағай бөлімінің Қарауылжасақ елінен шыққан.
- 1938 жылы - ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.
- 1938–1940 жылдары - Алматы облысы мектептерінде мұғалім болды.
- Ұлы Отан соғысына қатысып, партизан отрядын басқарған. Партизандардың ерлік күресін өз шығармаларына арқау етті.
- 1944–1958 жылдары - cоғыстан соң Қазақ КСР-і Оқу министрінің орынбасары.
- 1958–1963 жылдары - oқу министрі;
- 1963–1966 жылдары - Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі;
- 1966–1971 жылдары - Қазақ КСР жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы және КСРО Жазушылар одағының хатшысы;
- 1971–1979 жылдары - Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер;
- 1979–1993 жылдары - институт директоры қызметтерін атқарған.
Шығармашылығы
"Партизан қызы","Тон","Қапастағы жұлдыздар" атты шығармалардың,"Сахар қызы","Дос сыры" романдарының авторы."Ж. Саиннің өмірі мен творчествосы","Қазіргі дәуір мен жаңашылдық" т.б. монографиялары, әдебиеттану мен педагогика салаларына қатысты көптеген еңбектері жарық көрді.
Қоғамдық қызметі
5–6-сайлауында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және 7-сайлауында КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты.
Марапаттары
Шәріповтің марапаттары қатарында:<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
- Ленин ордені
- 1-дәрежелі Отан соғысы ордені
- 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені
- Қызыл жұлдыз ордені
- Құрмет Белгісі ордені болды.
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер {{DEFAULTSORT:Шәріпов, Әди]]
- 19 желтоқсанда туғандар
- 4 қарашада қайтыс болғандар
- Қазақстан жазушылары
- Қазақстан филологтары
- Қазақстан ғалымдары
- Филология ғылымдарының докторлары
- Қазақстан білім беру ісінің үздіктері
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары
- Қазақстан білім министрлері
- Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары
- Қазақстан сыртқы істер министрлері
- Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары
- КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттары
- Ленин орденінің иегерлері
- I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімідері