Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы (1948, Алматы) – қазақ және кеңес мемлекеттік қайраткері, Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұңғыш тұрақты өкілі, Қазақ КСР Сыртқы істер министрі, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің 1-санатты Төтенше және Өкілетті елшісі, химия ғылымдарының кандидаты (1974) және тарих ғылымдарының докторы (1993).
Биографиясы
Арғын тайпасы Тобықты руының дадан бөлімінен шыққан<ref>https://ru.calameo.com/read/0025301697fa0dca6ac3e</ref><ref>https://abai.kz/index.php/post/13083</ref>.
Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдап (1971), аспирантурасын (1974) бітірді. Кейін осы университетте кіші, аға ғылыми қызметкер (1974–78) болып жұмыс істеді.
Қазақстан ЛКЖО (комсомол) Орталық комитетінде бөлім меңгерушісі (1973–81); Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы (1981-1983) болып қызмет етті.
Шет елдермен достық және мәдени байланыс жөніндегі Қазақ қоғамы төрағасының орынбасары (1983–1989);
1989 жылғы қарашадан бастап 1991 жылғы желтоқсанға дейін Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрі болып қызметті. 1990 жылы КСРО Президенті Горбачев Арыстанбекова Ақмаралға 1-санатты Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық рангын тағайындады.
1992-1999 жылдары Бірікке Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұңғыш тұрақты өкілі болып жұмыс істеді. 1996–1999 жылдары Кубадағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарды.
1999-2003 жылдары Франциядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі қызметімен қоса ЮНЕСКО жанындағы ҚР тұрақты өкілі болды. 2002 жылдан Халықаралық дипломатия академиясының вице-президенті (Париж), т.б. жауапты қызметтер атқарады.
1974 жылы «Кинетика и селективность гидрирования смесей органических соединений» тақырыбында кандидаттық диссертация, ал 2004 жылы «Казахстан и Организация Объединенных Наций: история, проблемы и перспективы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылым депутаты болды.
Марапаттары
- Құрмет ордені (1996);
- 2-дәрежелі "Достық" ордені (2018);
- "Қазақстан Республикасының сыртқы істеріне қосқан үлесі үшін" Нәзір Төрекұлов атындағы медаль (2008);
- Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі;
- Алматы қаласының құрметті азаматы;