Ерік Мағзұмұлы Асанбаев
Ерік Мағзұмұлы Асанбаев (10 наурыз 1936, Байғабыл ауылы, Амангелді ауданы, Торғай облысы — 23 тамыз 2004, Алматы қаласы) – қазақстандық саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері, экономист, дипломат. Қазақстанның тұңғыш және соңғы вице-президенті. Экономика ғылымдарының докторы (1978).
Өмірбаяны
1936 жылдың 10 наурызында Торғай облысының Амангелді ауданының Байғабыл ауылында (№2 ауыл) дүниеге келді. Арғын тайпасының Саржетім руынан шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
ҚазМУ-ды (1958, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1959–1967 жылы ҚазМУ-да, Мәскеу қаржы институтында, Қазақ КСР-і Мемлекет жоспарлау комитетінің ғылым-зерттеу институтында, Қазақ КСР-і Қаржы министрлігі жүйесінде (1973–1975) қызметтер атқарған.
Қазақстан Министр Кеңесінде бөлім меңгерушісі, іс басқарушысының орынбасары, 1988–1989 жылы Министр Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан КП ОК-нде бөлім меңгерушісі, кейін хатшысы (1989–1991) болды.
1991 жылдың сәуір–қазанында Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің төрағасы, 1991–1996 жылы ҚР-ның вице-президенті, 1994–1996 жылы ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы қызметін атқарды. 1996 жылы ақпаннан 2000 жылға дейін ҚР-ның ГФР-дегі Төтенше және өкілетті елшісі болған.
2004 жылдың 23 тамызында өмірден озды.