Төреқұл Жанұзақов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:17, 2026 ж. ақпанның 18 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Төреқұл Жанұзақов (Үлгі:Lang-ky Үлгі:IPA; лақап аты Қанаев; 1893, Талдыбұлақ (Жамбыл облысы), Әулиеата уезі, Сырдария облысы, Ресей империясы — 1921, Ферғана облысы, Түркістан АҚСР, РКФСР) — Түркістан мемлекет қайраткері және саясаткер, Сырдария облыстық кеңесінің мүшесі, Түркістан Республикасының Бас Атқарушы комитетінің төрағасының орынбасары, Түркістан ВЧК органдарының басы, ТКП Орталық комитетінің хатшысы, Жетісу облысының босқын қырғыз-қазақтарын туған жеріне орналастыру ісін жүргізу жөніндегі Түркатком Айрықша Комиссиясының төрағасы, Түркістан Түркішілдіктің қозғалысының негізгі ұйымдастырушылары мен жетекшілерінің бірі, «Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi» (TMB) құпия саяси ұйымның мүшесі.

Бұратаналарды соғыстың қара жұмыстарына алу жайында жарияланған белгілі патша жарлығы мен соған байланысты орын алған қанды оқиғалар салдарынан 1916-1917 жылдары Қытайға қашуға мәжбүр болып, монархияны халық өкіметі алмастырды деген хабар тиісімен жөңкіліп кері оралып жатқан Жетісу облысының босқын қырғыз-қазақтарын туған жеріне орналастыру ісін жүргізу жөніндегі Түркатком Айрықша Комиссиясының төрағасы.

Сурет:Flag of Turkestan.svg
Комиссия байрақтың түсі үшін Салчұк, Қараханид пен Темір мемлекеттерінің қызыл туларының түсін таңдады. Ортасында айшық пен жұлдыз орын алған байрақта тоғыз жолақ орын алды. Бұл жолақтардың бесі қызыл, төрті ақ түсті еді. Сондай-ақ сабында бөрі басы болған тудың төрт шетіне көгілдір жолақ жүргізілді. Бұл жолақтың түсі болса, Шыңғыс ханның туынан алынған еді.
Ұлттық азаттық күресін жүргізген Түркістан ұлттық одағы ұйымы 1920 жылы, 5-7 қыркүйекте Самарқанда өткізген ІІ- құрылтайында бір тұтас Түркістанның ұлттық жалауының түсі мен түрін қабылдаған еді. Осы жалауды жасаған комиссияның құрамында Зекі Уәлиді, Төреқұл Жанұзақов және Мунаууар Қари сынды сол кездің маңызды мемлекет қайраткерлері мен зиялылары бар еді.

Түркістан өлкесіндегі қазақ-қырғыздарының 1917 жылы 2-5 тамыз аралығында Ташкент қаласында өткен съезге Сырдария облысының Перовск, Черняев, Қазалы, Әулиеата, Ташкент уездерінен және Ферғана облысының Әндіжан уезінен 82 өкіл қатысты. Олардың қатарында Т.Жанұзақов Түркістан секілді қайраткері да болды.

Бүкілресейлік құрылтай жиналысына сайлауға дайындалуға және ана тілінде газет шығаруға атсалысуға шақырған «Ақ қалпақты қырғызға» атты мақаласы «Бірлік туы» газетінде жарияланды. «Русияға қараған барлық халықты 160 миллион десек, Құрылтай жиналысына 800 өкіл жиналса керек. Соның ішінде ақ қалпақты қырғыздың сыбағасына, егер санымыз екі миллионға жетсе, он өкіл тиетін жөні бар. Ферғанада қырғыз − 13 болыс, Жетісуда − 20 болыс, Сырдарияда − 13 болыс. Ташкентке адамдарыңды жіберіңдер, әр болыстан бір-екі адамнан келе берсе болады. Қаралатын мәселелер көп. …Қазір ең керектісі − қырғыз тілінде газет шығару. Әзірге біз қазақ бауырларымызға міңгесіп отырмыз».

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер