Түркістан ұлттық бірлігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi “Түркістан ұлт-тық одағы” – Түркістан халықтарының мүддесін қорғау мақсатында 19201941 ж. аралығында қызмет еткен қоғамдық-саяси ұйым. Бұл ұйым Зәки Уәлиди Тоғанның белсенділік танытуымен құрылды. Оның бастамасымен 1920 ж. маусымда Бұхара қаласында башқұрттардан С.Магазов, Ферғана басмашыларынан Шерахмет Бек, Ы.Мутин, Х.Игіліков, Рахманқұл құрбашы, Мұстафа Шахкул, түрікмендерден К.Бердиев, қазақтардан Х.Болғанбаев, М.Әуезов, Д.Әділов, Бұхара мен Ташкент зиялыларынан Мүнауар Қари, А.Мұхиддинов, Ф.Хожаев, С.Айни секілді қайраткерлер және Ататүріктің түркі-мұсылман халықтарының саяси өмірі туралы Түркістанға мәлімет жинауға жіберген өкілі Субхи Сайсаллыоғлы қатынасқан жиналыс өтіп, онда “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” атты ұйым құруға шешім қабылданды және 7 баптан тұратын бағдарламасы бекітілді.
Бағдарламада Түркістан өлкесін кеңестер үстемдігінен азат ету, өлкеде демокр. республика құру, өлке экономикасын дамыту, ағарту ісін жандандыру, дін ісін мемлекет ісінен ажырату қажеттігі аталып көрсетілді. Ұйымның төрағасы болып Зәки Уәлиди Тоған сайланды. 1920 ж. 5 – 7 қыркүйек аралығында Самарқандта “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымының конгресі өтті. Бұл конгресте ұйымның жарғысы мен Түркістанның ұлттық туы жасалып, қабылданды.

Сурет:Bandera de Kokand.svg
Түркістанның ұлттық туы

Конгреске қатысушылардың ұйғарымымен Түркістанның ұлттық туының ортасына ай мен жұлдыз орналастырылды және ол тоғыз (бесеуі қызыл, төртеуі ақ түсті) жолақпен безендірілді, сондай-ақ тудың шетіне көгілдір жолақ жүргізілді. 1922 ж. 18 – 22 қыркүйек аралығында “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымының кезекті конгресі өтті. Бұл конгреске қатысушылардың ішінде М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, т.б. қазақ қайраткерлері болды. Конгресте Түркістанның толық азаттық алғанына дейін кеңестермен күрес жүргізе беру керектігі және бұл күресте Түркістан халқын ұлттарға жіктемеу жайлы шешім қабылданды. Бұл шешімді жүзеге асыру үшін “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымы өз қызметін Түркия мен Еуропада жандандыру қажет деген ұйғарым жасалды. 1923 ж. 26 – 28 маусым аралығында “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымының Кабулда жиналысы өтті. Оған Зәки Уәлиди Тоған, Бұхар Кеңестік Социалистік Республикасы үкіметінің бұрынғы басшысы Осман Қожаоғлы, Абдулқадыр Инан, Бұхараның Кабулдағы елшісі Мырза Исамеддин секілді қайраткерлер қатынасты. Осы жиналыстың шешімі бойынша Зәки Уәлиди Тоған – “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымының ішкі және сыртқы бөлімшелерінің бас төрағасы, Осман Қожаоғлы – Түркия бөлімшесінің төрағасы, А.Арифов (Бұхар Кеңестік Социалистік Республикасының бұрынғы әскери министрі) – Кабул бөлімшесінің төрағасы, Мұстафа Шоқай Еуропа бөлімшесінің төрағасы болып белгіленді. 1924 ж. 23 қарашада Берлинде “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымының конгресі өтті. Оған қатысқандардың қатарында Мұстафа Шоқай болды. Конгресте “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымының орт-н Түркияға көшіру және Стамбұлда ұйымның органы болып табылатын журнал шығару жайлы шешім қабылданды. 1927 ж. наурызда Стамбұлда “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымының конгресі өтті. Конгреске Парижден Мұстафа Шоқай келді, сондай-ақ Зәки Уәлиди Тоған, Осман Қожаоғлы, Насыр Махдум, Мұстафа Шахкул, Абдулқадыр Инан, т.б. қатысты. Конгрестің шешімімен Стамбұлда Зәки Уәлиди Тоған мен Абдулқадыр Инан басшылық ететін “Йени Түркістан” (“Жаңа Түркістан”) атты журнал шығатын болды. Бұл журналда Түркістан тарихы, әдебиеті, сондай-ақ әлеум.-экон. мәселелеріне байланысты ғыл. мақалаларға орын беруге шешім шығарылды. 1928 ж. Зәки Уәлиди Тоған ғыл. жұмыстарға ойысып, саясаттан қол үзіп кетуіне байланысты “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымына Осман Қо-жаоғлы төрағалық етті. 1933 ж. “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” Шығыс Түркістан Республикасының құрылуына қолдау білдіретіндігін танытып, Қашқарға өз өкілін аттандырды. 1939 ж. 24 наурыз бен 2 сәуір аралығында Берлинде “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымының конгресі өтіп, онда ұйымның төрағалығына Мұстафа Шоқай сайланды. 1939 ж. 2-дүниежүз. соғыстың басталуына орай “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымының қызмет етуі қиындай түсті. Мұстафа Шоқайдың 1941 ж. Берлинде қайтыс болуымен “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымы өз қызметін доғарды.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}