Қазақстандағы АЭС туралы референдум

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:27, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Сайлау Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылатынын шешетін референдум 2024 жылғы 6 қазанда өтті.<ref name="azattyq902" />

Референдумде ұсынылған ойды дауыс берушілердің көпшілігі қолдап дауыс беріп жатса, елдегі тұңғыш атом электр станциясы Алматы облысының Үлкен ауылында салынатын болады. Қазақстан президенті Тоқаев елде тұрақты электр қуатын орнату үшін қажетті шара ретінде сипаттаған бұл идеяны жергілікті экологтар қауіпті бола алатын бастама ретінде көреді де, оған қарсы жергілікті тұрғындардың бір бөлігі наразылық білдіреді. Экологтардың ұсынысқа деген күмәні Балқаштағы онсыз да төмен су деңгейіне байланысты.<ref name="azattyq627" />

Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Тарихы

1997

Қазақстанда АЭС салу туралы алғаш рет 1997 жылы айтылды. Сол кездегі Ядролық қауымдастық президенті Владимир Школьник Алматы облысындағы Үлкен ауылына АЭС салуды ұсынған еді<ref> https://orda.kz/vygljadit-kak-pripjat-gde-hotjat-stroit-ajes-v-kazahstane/</ref>. Бұл Чернобыльдегі АЭС-те болған апатынан көп уақыт өтпеген кез еді. Қазақстанда АЭС салуға жұртшылық та, сарапшылар да қарсылық білдіріп, жоба тоқтап қалды.

2006

2006 жылғы қаңтарында АЭС салу туралы тағы сөз болды<ref> https://tengrinews.kz/progress/v-aktau-peredumali-stroit-aes-250277/</ref>. Сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин “атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану жөнінде” бірлескен мәлімдеме жасады<ref> http://kremlin.ru/events/president/transcripts/23407</ref>. Онда “Ресей мен Қазақстанның АЭС бойынша серіктестігі екі елдің экономикасына да оң әсер етеді” делінген. Екі елдің министрліктері келісім жасасып, Ақтауда АЭС салынуы керек еді<ref> https://www.lada.kz/amp/society/society/124897-maluiu-aes-predlozhili-postroit-v-aktau.html</ref>. Құрылыс неге басталмағаны, жобаның не себептен тоқтап қалғаны ресми айтылған жоқ.

2013

2013 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев “бітпейтін талқыны қойып, АЭС құрылысы мәселесін біржола шешуді тапсырамын” деді<ref> http://forum.atominfo.ru/index.php?showtopic=501&start=300</ref>. Сөйтіп 2014 жылы Қазатомөнеркәсіп пен Росатом басшылары Қазақстан аумағында АЭС жобасы аясында серіктес болуға меморандумға қол қойды<ref> https://www.kommersant.ru/amp/2481880</ref><ref> https://sk.kz/press-center/news/57402/?lang=ru</ref>. Алайда Ресей мен Қазақстан үкіметаралық құжатты сол күйі бекіткен жоқ<ref> https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstan-rossiya-zavizirovali-soglashenie-sotrudnichestve-262639/amp/</ref>.

2015

2015 жыл Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездесіп, Владимир ПутинҚазақстанда алғашқы АЭС салуға әзірленіп жатырмыз” деді<ref> https://am.sputniknews.ru/20151015/874683.html</ref><ref> https://www.atomic-energy.ru/news/2015/10/16/60521</ref>.

2019

2019 жылы Владимир Путин Қазақстанның 2-президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, АЭС туралы тағы айтты<ref> https://ru.sputnik.kz/amp/20190403/putin-tokaev-aes-9731855.html</ref><ref> https://www.vedomosti.ru/business/news/2019/04/03/798191-elektrostantsiyu</ref><ref> https://forbes.kz/articles/o_chem_tokaev_govoril_s_putinyim/amp</ref>. 3 айдан соң, Қасым-Жомарт ТоқаевҚазақстан АЭС салуды жоспарлап отырған жоқ” деді.<ref>https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-ob-aes-esli-ponadobitsya-provedem-referendum-371061/amp/</ref><ref> https://ria.ru/amp/20190610/1555445292.html</ref> “Бірақ салар болсақ, бұл мәселені халықпен талқылап, референдум өткіземіз” деп мәлімдеді.<ref> https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-ob-aes-esli-ponadobitsya-provedem-referendum-371061/amp/</ref>

2021

2021 жылғы қарашада президенті Тоқаев АЭС салуды жақтайтын емеурін танытты<ref> https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-nam-pridetsya-prinimat-resheniya-o-stroitelstve-aes-454456/amp/</ref>.

2023

Бұдан кейін Ақорда АЭС керек деген ұстанымға әбден бекіді. Оған елде электр энергиясы тапшылығы болатыны туралы аргументті алға тартып келеді. Сөйтіп 2023 жылы ақпанда АЭС салу бойынша үкімет қоғамдық талқы өткізіп, жұртты үгіттеуге кірісті.

Үлгі:Cquote

2023 жылғы 31 тамызда Қазақстан халқына жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасын салу қажеттілігі туралы мәселені тағы да көтеріп, бұл мәселені жалпыхалықтық референдум арқылы шешуді ұсынды:

Үлгі:Cquote

Президент сондай-ақ мәселенің қайшылықтарына қарамастан, атом энергетикасын дамыту Қазақстан азаматтарының экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін аса маңызды екенін атап өтті:

Үлгі:Cquote

Тоқаев Семей ядролық полигонының қайғылы мұрасын ескере отырып, жекелеген азаматтардың алаңдаушылығын түсінуге болатынын атап өтті. Оның пікірінше, бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар мен жан-жақты талқылауды жалғастыру қажет.

Алғышарттары

Референдум өткізуді тұңғыш рет Тоқаевтың өзі 2019 жылы ұсынған еді.<ref name="kozhanova">Үлгі:Cite web</ref> Бұл бастама қазбалы отын қолданысы мен Көшетхана эффектісінің салдарын азайту және мемлекеттегі тоқ өшіп қалу мәселесін шешу үшін электр қуатының бір жаңа көзін табу мақсатынан шыққан еді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Бұл идея Семей полигонында кеңестік ядролық қаруды сынаудан шыққан экологиялық және денсаулық сақтау мәселелерінен және станция құрылысына Ресейдің әлеуетті қатысуына қарсылықтан байланысты туындаған қоғамдық наразылық жағдайында пайда болды.<ref name="kozhanova" />

2023 жылғы қыркүйекте елде стансаның салыну-салынбауы жайлы референдумның шынында да өтетіні шешілді, Тоқаев осыны Қазақстанның уран қорын қолдануының керектігі жайлы сөйлеп жатқанында айтты.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2024 жылғы 27 маусымда болған наградтау рәсімі кезінде сөйлеген сөзінде Тоқаев референдумның сол жылғы күзде өтетінін жариялады.<ref name="azattyq627">Үлгі:Cite web</ref> Сенат кулуарында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов референдумда сұралатын сұрақтар жайлы айтып берді. Оның сөзінше, халық тек бір сұраққа, АЭС салынуының қолдайтын, не қолдамайтыны жайлы ғана жауап беріп жатады. Алайда ол бұл ақпараттың «өз ойы» екенін және егжей-тегжейді үкімет кейін өзі жариялап жататынын айтты.<ref name="kursiv27">Үлгі:Cite web</ref>

АЭС салынуына кімнің көмек көрсететіні әлі анықталмаған. Алайда ресейлік (Росатом), оңтүстік кореялық, қытайлық, не франциялық компаниялардың кандидатуралары жайлы белгілі.<ref name="kursiv27" />

2024 жылғы 2 қыркүйектегі Халыққа жолдауы кезінде Тоқаев референдумның 6 қазанда өтетінін жариялады.<ref name="azattyq902">Үлгі:Cite web</ref> Келесі күні ол сәйкесінше болған жарлыққа қой қойды. Жарлықта, оған қоса, референдумда болатын басты сұрақ та жазылған:<ref name="question">Үлгі:Cite web</ref> Үлгі:Дәйексөз

Ұсынылған құрылыс алаңы

2022 жылдың маусымында Қазақстанның Энергетика министрлігі Үлкен ауылының атом электр станциясын салу орны ретінде таңдалғанын хабарлады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Билік бұл жерді басымдық деп санайды, себебі Солтүстік — Оңтүстік электр желілері аймағында және еліміздің оңтүстік аймағындағы негізгі тұтынушыларға жақын орналасқан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Атом Энергиясы Халықаралық Агенттіктің (АҚХА) сарапшылары Алматы облысындағы «Үлкен» жері АЭС құрылысына дайын екенін айтып, Қазақстанның атом электр стансасын салуға құзіреті мен дайындығы жоғары екенін атап өтті.<ref name=":3">Үлгі:Cite news</ref>.
«Олар ядролық қалдықтарды қолдау, салу, пайдалану үшін қауіпсіз технологияларды таңдау және одан әрі орналастыру бойынша қызметтердің толық кешенін ұсынуға дайын. МАГАТЭ жалпы алғанда «Үлкен» жері АЭС салуға дайын және жарамды екенін атап өтті», — деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.<ref name=":3" />

Нәтижесі

Жауабы Дауыс саны %
Иә 5 561 937 73,11
Жоқ 2 045 271 26,89
Жалпы 7 607 208 100,00
Жарамды даусы 7 607 208 97,28
Жарамсыз даусы 130 267 1,67
Бос бюллетень 82 729 1,06
Жалпы дауыс 7 820 204 100,00
Тіркелген сайлаушы 12 284 487 63,66
Дереккөзі: Орталық сайлау комиссиясы<ref name=results>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

Қосымша ақпарат

Үлгі:Notelist

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстан сайлаулары