Владимир Сергеевич Школьник
Владимир Сергеевич Школьник (17 ақпан 1949, Мәскеу облысы, РКФСР) — қазақстандық ірі саясаткер, мемлекеттік қайраткер, физик, энергетик. 1994—1999 жылдары Ғылым министрлігін және әр жылдары Энергетика министрлігін басқарды. 2009—2014 жылдары аралығында Қазатомөнеркәсіп компаниясының басшысы болды.
Өмірбаяны
1949 жылы 17 ақпанда Ресей КФСР, Мәскеу облысы, Серпухов елді мекенінде дүниеге келді.
Білімі
1973 жылы Мәскеу физика-математика институтын “физик инженер” мамандығы бойынша тәмамдады. Физика-математика ғылымдарының докторы.
Мансабы
Мансабын 1966 жылы Серпухов радиозауытында радиоаппаратураның реттеушісі болып бастады.
1973—1992 жылдары аралығында Маңғышлақ электр станциясында инженер-физик, зертхана меңгерушісінің орынбасары, бас инженер және директордың орынбасары сияқты түрлі лауазымдарда болды.
1992 жылы жаңадан пайда болған Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің алғашқы төрағасы болып тағайындалды.
Бұдан кейін Школьниктің еңбек жолы тек Үкіметте жалғасты. 1994—1999 жылдары әртүрлі атаулармен Ғылым министрлігін басқарды.
1999 жылы Энергетика, индустрия және сауда министрі болып тағайындалды.
2000 жылғы қазанда бір күнде Қазақстан президентінің № 508 жарлығымен премьер-министр орынбасары және жаңадан құрылған Энергетика және минералды ресурстар министрі болып қайта тағайындалды.
Орынбасарлығынан 2002 жылы кетсе, министрлігінен 2006 жылы кетіп, сол күні-ақ Қазақстан президентінің № 22 жарлығымен Индустрия және сауда министрі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2007 жылы лауазымынан босатылып, бірден Қазақстан президентінің № 271 жарлығымен Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2008 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен Индустрия және сауда министрі болып тағайындалды. Бұл лауазымды Школьник екінші рет иеленді.
Лауазымынан 2009 жылы босатылып, сол күні Самұрық-Қазына компаниясының шешімімен Қазатомөнеркәсіп компаниясының төрағасы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Компаниядағы 5 жыл төрағалығынан кейін 2014 жылы жаңадан құрылған Энергетика министрлігіне Қазақстан президентінің № 881 жарлығымен басшы болып барды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>2015 жылғы президент сайлауынан кейін Үкіметтегі министрлердің өкілеттілігі ұзартылды, соның ішінде Школьниктің де өкілеттілігі ұзартылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>2015 жылы Школьник зейнет жасына жеткендіктен “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңға байланысты өкілеттілігі тағы да ұзартылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>2016 жылғы наурызда Қазақстан президентінің жарлығымен қызметінен босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
1 айдан кейін Астанада халықаралық «Еуразия» жобасы бойынша өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Марапаттары мен атақтары
- Парасат ордені, Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры (1998);
- Назарбаев ордені (2005);
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мадақтамасы (2006, 2017);
- «Энергия және энергия үнемдейтін технологиялар» номинациясы бойынша «Жыл инженері» дипломы және медалі (2009);
- Отан ордені (2013);
- Астанаға 10 жыл медалі (2008).