Көкашық қорықшасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:44, 2025 ж. қыркүйектің 5 кезіндегі InternetArchiveBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Қорық аймағы Көкашық – мемлекеттік табиғи ботаникалық қорықша. Ауданы 15000 га. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауында.

Географиялық орны

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерінде.

Флорасы

Жер бедері Бетпақдала даласының солтүстік бөлігінің жоталы-дөңес жазықтарына тән ландшафттар. Қорықша - тобылғытүс (Шренк тобылғытүсі) эндемиялық шалғынды бұтаның реликті табиғи плантациялары кең таралған жердегі жалғыз орын. Шөлді аймақта орналасқан елді мекендерді жасылдандыру үшін пайдалану жоспарланып отырған бұл өсімдіктің ғылыми маңызы зор. Қорық аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдік түрлері: қауырсын қау, сарғылт құндызшөп, ашық құндызшөп. Қорғауға алынған өсімдіктер: үлпек қайың, қотыр қайың, кәдімгі қарағай, тікенекті итмұрын, тасқарақат, жасылтұқымды долана, тал, және т.б.

Фаунасы

Қорықша аумағындағы Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар түрлері: қара дегелек, сұр тыран, бақалтақ қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, қылқұйрық бұлдырық, үкі. Сондай-ақ Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының тізіміне енгізілген құстар: дала қыраны, қарқұс, ителгі. Қорық аумағында қорғалатын түрлер: жабайы шошқа, елік, түлкі, қасқыр, борсық, ақкіс, қарсақ, сасық күзен, ақ қоян, ор қоян, аққұр, далалық күйкентай, кәдімгі күйкентай, үлкен түркептер, жағалтай, көк кептер, құлақты жапалақ, құралай.<ref>Сайт "Особо охраняемые природные территории Республики Казахстан" https://oopt.kz/Үлгі:Deadlink</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер