Аджықұй (құдық)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

АджықұйМаңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Кендірліқиясай Үстіртінің оңтүстік батыс бөлігіндегі құдық.

Атаудың сөзжасамдық сипаты

Атау аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Аджы (сын есім) мен құй (зат есім) сөздердің бірігуінен жасалған гидроним. Аджы (көне түріктің сөзі) // ажы – суы ащы, бірақ мал ішуге жарамды құдықтарға қарата айтылып, солай жер атауы болып қалыптасып кеткен: Ажы Севортянның сөздігінде: «ащы, ащы су, шипалы су» делінген.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Ал «Құй деген сөз көне түркі және моңғол тілдерінде құд – құды – құйы – құй болып келетін, қазіргі қазақ тіліндегі құдық деген мағынада қолданылатын сөзбен төркіндес, яғни құй сөзі жоғарыда айтылып өткен көне түбірінің бір түрі».<ref>Үлгі:Кітап</ref> Бірқатар түркі тілдерінде құдықты құй - кьую дейді. Ноғайша қуйы, құмықша къую, түрікменше гуйы. Құй сөзі өкеміздегі құдық атауларында сақталып қалған: Ақшақұй, Үшқұю, Сайқұй т.б. құдық атаулары кездеседі. «Құд (-ық) – құй – құйы сөздеріндегі д мен й дыбыстарының алмасып келуі түркі тілдерінде бар құбылыс. Құдық дегендегі –ық жұрнағы – етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ». Сонда атау «суы ащы құдық» деген мағынаны білдіреді.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер