Сайқұй

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

СайқұйХиуа жолының бойындағы Оңтүстік Үстіртке жақын су көзі. Қарақия ауданында орналасқан.

Бұл жерде бірнеше құдық бар. Суы кермек татиды. Қасындағы биік басынан 1873 жылы Хиуа жолының жылнамашысы, бас штаб офицері ротмистр Максуд Алиханов-Аварский Сайқұй құдығын сипаттап, тұсындағы төбе басында тастан қашалған жылқының, түйенің мүсіндерін көргенін жазып кеткен. Сайқұй қазір қолданыста<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref><ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>.

Атаудың сөзжасамдық сипаты

Атау аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Сай (зат есім) және құй (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған гидроним. «Құй деген сөз көне түркі және моңғол тілдерінде құд - құды – құйы – құй болып келетін, қазіргі қазақ тіліндегі құдық деген мағынада қолданылатын сөзбен төркіндес, яғни құй сөзі жоғарыда айтылып өткен көне түбірінің бір түрі». Сонда атаудың мағынасы «терең емес құдық».<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub