Қылтанды дәлен

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox

Қылтанақ дәлен (Үлгі:Lang-la) – шатыршагүлділер тұқымдасының дәлен туысына жататын көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 50 см.
  • Сабағы қарапайым, жалаң.
  • Жапырағы жіңішке, ашық жасыл түсті, төменгі жапырақтары ұзын жіңішке сағақты. Жапырақ тақтасы үшбұрышты жалпақ, ұзындығы 10-20 см, терең ойық жиекті.
  • Шатыршагүлі жалғыз немесе 2-3, ұзын гүлсағағы болады, оған 3-10 гүлі топтасады, оның 4-еуі ғана жемістенеді.
  • Жемісі ұзынша келген ұршық тәрізді, ұзындығы 20 мм-дей, ұзын жеміс сағағы болады. Тұқымынан көбейеді. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Алтайдың Үбі (Оба) жотасында, Кавказда және Ресейдің Қиыр Шығыс мен Жапонияда кездеседі. Аралас және қылқан жапырақты ормандарда, көлеңкелі шатқалдарда, бұталардың арасында өседі.
Таралу аймағы азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер