Қылтанды дәлен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Қылтанақ дәлен<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – шатыршагүлділер тұқымдасының дәлен туысына жататын көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 50 см.
  • Сабағы қарапайым, жалаң.
  • Жапырағы жіңішке, ашық жасыл түсті, төменгі жапырақтары ұзын жіңішке сағақты. Жапырақ тақтасы үшбұрышты жалпақ, ұзындығы 10-20 см, терең ойық жиекті.
  • Шатыршагүлі жалғыз немесе 2-3, ұзын гүлсағағы болады, оған 3-10 гүлі топтасады, оның 4-еуі ғана жемістенеді.
  • Жемісі ұзынша келген ұршық тәрізді, ұзындығы 20 мм-дей, ұзын жеміс сағағы болады. Тұқымынан көбейеді. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Алтайдың Үбі (Оба) жотасында, Кавказда және Ресейдің Қиыр Шығыс мен Жапонияда кездеседі. Аралас және қылқан жапырақты ормандарда, көлеңкелі шатқалдарда, бұталардың арасында өседі.
Таралу аймағы азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Дереккөздер

<references/>