Тоқмақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:51, 2026 ж. мамырдың 12 кезіндегі MuratbekErkebulan (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен

Сурет:Mešita v Tokmoku.jpg
Тоқмақтағы мешіт

Тоқмақ (Үлгі:Lang-ky) — Қырғызстанның Шу облысындағы облыстық бағыныстағы қала. 2003-2007 жылдары облыс орталығы болған.

Географиясы

Қырғызстанның солтүстігінде, Шу аңғарында, Шу өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан, өзен бойының қала аумағында Қырғызстан мен Қазақстан шекарасы өтеді. Тоқмақтан солтүстікке және оңтүстікке қарай Тянь-Шань сілемі: оңтүстікке — Қырғыз жотасы, солтүстікке — Іле Алатауы созылып жатыр.

Тарихы

Қазіргі Тоқмақ ХІХ ғасырдың басында (1825-1830) Қоқан бекінісі ретінде құрылған болатын. Кейіннен, 1862 жылы бекіністі орыс әскерлері басып алып, қиратып тастады.

Кейінірек, бұрынғы Қоқан бекіністерінің орнына орыс бекіністері қалана бастады. 1864 жыл мамыр айының басында, Тоқмақ бекінісінің қирандыларының орнында Верныйдан келген полковник Черняевтің отряды орналасты да 1864 жылы 13 мамырда Тоқмақ орыс бекінісін орнықтырды.

1867 жылы Тоқмақ қала статусына ие болды және Түркістан генерал-губернаторлығының Жетісу облысындағы өзімен аттас Тоқмақ уезінің орталығы болды. Уезд орталығы 1878 жылы Пішпек қаласына ауыстырылды. Осыдан кейін Тоқмақ қала мәртебесінен айырылған болатын. 1927 жылы Тоқмақ қайтадан қала мәртебесін алды.

Халқы

Жыл Халық саны
2009 53 231
2003 57 000
1999 59 409
1989 72 927
1979 58 003
1970 42 116
1959 28 806

2009 жылғы Қырғызстанның халық санағы деректері бойынша: қырғыздар — 24911 адам немесе 46,8 %, орыстар — 10913 адам немесе 20,5%, Дүнгендер — 8790 адам (16,5%), өзбектер — 4556 адам немесе 8,6 %, сондай-ақ, татарлар, ұйғырлар, қазақтар, немістер, украиндар да тұрады<ref name="Этно2009.Чуй">Қырғызстан халқының санағы 2009.</ref>.

Бауырлас қалалар

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Қырғызстанның әкімшілік бөлінісі