Теңіз-Қорғалжын артезиан алабы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Теңіз-Қорғалжын артезиан алабыТеңіз-Қорғалжын ойысы аумағын қамтиды. Ауданы 40 мың км². Алап суы кабон мен пермьнің жарықшақты құмтастары мен алевролиттерінен, палеогеннің құмды қабаттарынан тұрады. Палеоген суының минералдылығы 1-5 г/л, ұңғыманың тәуліктік өнімі 10-35 м³. Пермь суы 20- 115 м тереңдікте жатыр. Ал ойыстың орталығында минералдылық өлшемі 37 г/л-ге дейін, ұңғыма өнімділігі тәулігіне 10-20 м³. Карбонның сулы жыныстары 2340 м-ге дейінгі аралықта, ұңғымалардың су ағыны жоғары, су өздігінен шығады, олардың шығымы тәулігіне 5-210 м³, минералдылығы 162 г/л-ге дейін жоғарылайды. Алаптың шет жақтарындағы минералдылығы бәсең әрі төмен суы шаруашылық қажетіне пайдаланылуда.<ref>Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер