Қалқабай Сартбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қалқабай Сартбаев (29.5.1911, Жамбыл ауданы, Сымтас мекені – 20.10.1988, Бішкек қаласы) – түркітанушы, филология ғылымының докторы (1954), профессор (1951), Қырғыз КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1951), «Халық ағарту ісінің үздігі» (1945), Қырғыз мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген (1939).<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Өмірбаяны

Еңбек жолын 1929 жылы Байзақ ауданында мұғалім болудан бастады. 1939 – 50 жылы Бішкек қаласындағы мектептерде, жоғары оқу орындарында қызмет істеді. 1950 – 51 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқытушы, 1960 – 75 жылы кафедра меңгерушісі болды. Сартбаев – «Қырғыз тілін оқытудың методикасы» (1951), «Қазіргі қырғыз тіліндегі құрмалас сөйлемдердің синтаксисі» (1957), «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» (1962), т.б. ғылыми еңбектердің, қырғыз мектебінің 5 – 6 сыныптары үшін жазылған орыс тілі оқулығының (1974 жылы Н.А. Әлпиевпен бірге) авторы. Жамбыл ауданындағы бұрынғы «Пионер» орта мектебіне Қ. Сартбаев есімі берілген (1993).

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub