Жүсіп Таубайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жүсіп Таубайұлы (1882–1916 жж., Қармақшы ауданы, Ақжар а.) – ақын. Шығыс медресесінде оқыған. Жасынан шығармашылықпен айналысқан. 1902 ж. «Шаһнаманың» «Ескендірнамасын» аударған. «Әбу Әли ибн Сина», «Бес бәйіт», «Алдар Көсе», «Мыстан кемпір» атты дастан, хикаялармен қоса, 1905 ж. «Алдар Көсенің шайтанды алдауы», 1913 ж. «Замана жайы» дастандарын жазған. Таубайұлының «Балалар, үгіт мынау қолданасың», «Естімекке қылмай опа дүние жәни», «Жөнейтке», «Сақыбы Сағадаттың біздің адал», т.б. жыр-толғаулармен қатар 1913 ж. Шораяқтың Омарымен, Ержанұлы Ыбырашпен айтысқа түскен. Таубайұлының шығармаларын Сырдария экспедициясы кезінде (1920) алғаш жинап, зерттеген Ә. Диваев болды. Жиналған деректерді 19401970 жж. Н. Майқанов, Ү. Толыбеков, Ә. Қайнарбаев, М. Байділдаев академия қорына тапсырған. Бүгінде ақынның мұралары Орталық кітапхана мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар қорында сақтаулы.

Әдебиет

Үлгі:Cite book Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub