Жүсіп Таубайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Таубайұлы Жүсіп (1882, Қармақшы ауданы Ақжар а. – 1916, сонда) – ақын. Шығыс медресесінде оқыған. Жасынан шығарм-пен айналысқан. 1902 ж. «Шаһнаманың» «Іскендірнамасын» аударған. «Әбу Әли ибн Сина», «Бес бәйіт», «Алдар Көсе», «Мыстан кемпір» атты дастан, хикаялармен қоса, 1905 ж. «Алдар Көсенің шайтанды алдауы», 1913 ж. «Замана жайы» дастандарын жазған. Таубайұлының «Балалар, үгіт мынау қолданасың», «Естімекке қылмай опа дүние жәни», «Жөнейтке», «Сақыбы Сағадаттың біздің адал», т.б. жыр-толғаулармен қатар 1913 ж. Шораяқтың Омарымен, Ержанұлы Ыбырашпен айтысқа түскен. Таубайұлының шығармаларын Сырдария экспедициясы кезінде (1920) алғаш жинап, зерттеген Ә.Диваев болды. Жиналған деректерді 19401970 ж. Н.Майқанов, Ү.Толыбеков, Ә.Қайнарбаев, М.Байділдаев академия қорына тапсырған. Бүгінде ақынның мұралары Орталық кітапхана мен Әдебиет және өнер ин-тының Қолжазбалар қорында сақтаулы.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жүсіп Таубайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}