Хабир Мұхаррамұлы Пазиков
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Хабир Мұхаррамұлы Пазиков (Үлгі:Lang-tt; 15 қазан 1896, Қашқанар кенті, Перм губерниясы, Ресей империясы — 21 сәуір 1975, Мәскеу, КСРО) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері. Қазақстан К(б)П Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1944–1947).
Мазмұны
Өмірбаяны
Хабир Мұхаррамұлы 1896 жылы 15 қазанда Ресей империясының Перм губерниясындағы Қашқанар кеніштері кентінде дүниеге келген.
1917—1918 жылдары Қызыл Гвардия (Челябі) қатарында әскери борышын өтеді.
1924 жылы РК(б)П қатарына кірді.
1926—1928 жылдары БК(б)П Томбы және Канск округтік комитеттерінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді.
1928—1930 жылдары И.В. Сталин атындағы Коммунистік университетте оқыды.
1930—1935 жылдары БК(б)П ОК Башқұрт АКСР-і, Өзбек КСР-і және Қырғыз АКСР-і бойынша үгіт-насихат тобының мүшесі, жетекшісі міндетін атқарды.
1935—1937 жылдары Қызыл профессура институтында білім алды.
1937—1938 жылдары БК(б)П Орталық Комитетінің жауапты ұйымдастырушысы болып еңбек етті.
1938 жылдың қараша айына дейін Қазақстан К(б)П Батыс Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарды.
1938 жылдың қарашасынан — 1942 жылдың қарашасына дейін Қазақстан К(б)П Қарағанды облыстық комитетінің 1-хатшысы болып еңбектенді.
1942 жылдың қарашасынан — 1944 жылына дейін БК(б)П Татарстан облыстық комитетінің 2-хатшысы болып істеді.
1944—1947 жылдары Қазақстан К(б)П Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы лауазымында мехнат қылды.
1948 жылдары 16 қаңтарынан — 1952 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан К(б)П Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы болып жұмыс істеді.
1951 жылы Шығыс Қазақстандағы шешендер аласаты кезінде батылдық танытып шешім қабылдамағаны үшін сөгіс алды.
1953—1962 жылдары РКФСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының дербес зейнетақылар бөлімі меңгерушісі міндетін атқарды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің I-III шақырылымдары депутаты.
1962 жылы зейнетке шықты.<ref>Ашимбаев Д.Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008</ref>
Отбасы
Әйелі — Пазикова Маймуна Ассадуловна — үй шаруасындағы әйел, бұрын мұғалім болып жұмыс істеген.
Балалары:
- ұлы — Пазиков Олег Хабирович — кеңестік қоғам қайраткер, Чернобыль қозғалысының негізін қалаушы.
- қызы — Пазикова Наиля Хабировна — Мәскеу мемлекеттік университетіндегі филология факультетінің шығыс бөлімін - түрік тілі мамандығын бітірген соң КСРО радио комитетінде жұмыс істеді.
Дереккөздер
Сілтемелер
- Хабир Пазиков. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы. Үлгі:Ref-ru
- Тұлғалар
- Қазақстан КП Орал облыстық комитетінің бірінші хатшылары
- Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшылары
- Қазақстан КП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшылары
- Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары
- КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары
- КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары
- КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары
- КОКП Татарстан облыстық комитетінің екінші хатшылары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары
- БК(б)П XVIII съезінің делегаттары
- БК(б)П XVIII конференциясының делегаттары
- Қызыл профессура институты түлектері