Қашқынбай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қашқынбай Кемелұлы (шамамен 1789 – 1869) – батыр.

Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан.<ref name="Дайрабаев Т. 0"> Кете Шомекей шежіресі / Дайрабаев Т. – Алматы, Ана тілі, 1995. - 167 бет.</ref>

Сыр өңірінде өмір сүрген. Бұхарбай, Тоғанас батырлармен Кенесары Қасымов жасағында болған. Кенесары ханның баласы Тайшықты қырғыздардан босатып алу қимылдарына қатысқан. 1860 жылы күзде Тайшық пен Ахметтің Қызылқұмға орнығуына көмектескен. Қашқынбай туралы Т.Ізтілеуовтің «Ел қамын жеген ерлер» атты толғауында және т.б. Сыр бойы ақындарының жырларында айтылады. Жіңішкеқұмдағы батырдың зираты тұрған жер Қашқынбай есімімен аталады.

Шежіре: Қашқынбай-Кемел-Тұяқ-Құттығай-Тілеміс (Тілес)-Базар-Назар-Тыныс-Қожагелді-Келдей-Бозғұл-Шөмекей<ref name="Дайрабаев Т. 0"/>

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub