Сергей Александрович Морозов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:46, 2026 ж. мамырдың 19 кезіндегі TalgatSnow (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Морозов Сергей Александрович (2.8.1905, Семей қаласын – 1983, Мәскеу) — Қазақстан фотоөнерінің дамуына елеулі үлес қосқан фотосуретші. 1930 жылы Мәскеуде Жоғарғы әдеби курсты бітіріп, журналистік қызметпен айналысқан. 1947 жылы Т.Бигелдинов жайлы өмірбаяндық кітапшасын жариялады. Баспасөзді фотосуреттермен безендіру жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізді. “Орыстың бірінші фотограф суретшілері” (1952), “Кеңестік көркем фотосурет” (1958), “Шығармашылық фотосуреттер” (1985) атты монографиялары жарық көрді. Морозов еңбектерінде Қазақстан тарихына, тарихи ескерткіштеріне байланысты фотосуреттер, Қазақ фотоөнеріне байланысты мол мағлұматтар жинақталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub