Халиди Құрбанғали
Халиди Құрбанғали<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>, Құрбанғали Халиди Аягөзи (1846, Аягөз – 1913, Шәуешек) – қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші. Әкесі Халид Ташкентте, Аягөзде, Қытай жерінде тұрған. Халиди жас кезінде Абдулхақ деген кісінің медресесінде оқып, тарих, география пәндерінен дәріс алады. Шәуешекке көшіп барған соң өзі де медресе ашып, татар, араб тілдерінен дәріс берген.1885 ж. Турфан қаласында ұйғырлардың өмірі туралы «Тарих и жарида-и жадида» деген кітап жазды. 1897 ж. Меккеге бара жатқанда Еуропаның көптеген қалаларында, араб мемлекеттерінде болған. 1910 ж. Х-дің «Тауарих-и хамса и шарки» («Шығыстың 5 мемлекетінің тарихы») кітабы жарық көрді. Бұл еңбекте «алаш», «қазақ», «өзбек», «ноғай» этнонимдеріне талдау жасап, қазақ жүздеріне байланысты ауызша деректерге негізделген пікірлері берілген. Сәулет өнері ескерткіштері, салт-дәстүрлер туралы және Абылай хан, Асан қайғы мен Әз Жәнібекке арналған бөлімдері бар. Аталған еңбекте Қазақстанның Ресейге қосылуы, әкімшілік-аумақтық реформалар туралы мәліметтер де кездеседі.
Дереккөздер
<references/>